420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тәртіп сақшылары карантин кезіндегі қызметі үшін марапатталды

  • 380
Тәртіп сақшылары карантин кезіндегі қызметі үшін марапатталды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин кезінде ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл рәсім бейнеконференциялық байланыс арқылы өтті. Министрдің бұйрығымен 47 маманға «Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі» және «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» төсбелгілері мен алғыс хат және мақтау грамоталары табысталды. Ведомство басшысының айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай төтенше жағдай режимінде жұмысына адалдық танытқан әскерилер бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алады.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ішкі істер министрі:

– Полиция қызметкерлері өз уақытымен санаспай, отбасынан алыс болса да, Отан алдындағы борышын, ел алдындағы міндетін адал атқаруда. Күндіз-түні қызмет жасап, қарапайым азаматтарға кез келген жағдайда қол ұшын созып көмек көрсетуде.

Хабар 24 телеарнасы