429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 300 мың теңге грант беріледі

  • 554
  • UPD: 13:08, 30.04.2020
Волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 300 мың теңге грант беріледі

Волонтёр жылы аясында «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобалары шағын гранттар байқауын жариялады. Бұл туралы Елорда Инфо «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байқау 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 мамыры аралығында өтеді.

Байқау аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 136 жеңімпаз анықталады. Байқауға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

«Байқауға волонтёрлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған «Birgemiz» Волонтер жылын өткізу концепциясына сай жобалар қабылданады», деп көрсетілген хабарламада.

Конкурстың ұйымдастырушылары: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

Хабар 24 телеарнасы