427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МиГ-31 ұшағы апатынан жарақат алған ұшқыштар ауруханадан шықты

  • 354
  • UPD: 14:34, 30.04.2020
МиГ-31 ұшағы апатынан жарақат алған ұшқыштар ауруханадан шықты

Қарағанды ​​облысында МиГ-31 ұшағы апатынан жарақат алған ұшқыштар ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

«Қарағанды ​​облысында ұшақтың құлауынан 2 әскери қызметкер жарақат алды. Олар санитарлық авиациямен Х.Ж.Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауырлықта болды. Науқастарға толық медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта пациенттер ауруханадан шығарылды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 16 сәуір күні Қарағандыға жақын маңда МиГ-31 әскери ұшағы құлады.

Хабар 24 телеарнасы