423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бүгіннен бастап бірнеше кәсіпкерлік нысандар іске қосылды

  • 377
  • UPD: 15:14, 30.04.2020
Түркістан облысында бүгіннен бастап бірнеше кәсіпкерлік нысандар іске қосылды

Олар барлық санитарлық нормалар мен санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, шаштараз нысандары мен сән салондарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ көлік жуу, дөңгелек, май ауыстыру орталықтары мен дәнекерлеу және жиһаз цехтары да іске қосылады. Киім тігетін орындар мен аяқ киім жөндеу нүктелері, құрылыс базарлары мен дүкендері де жұмыстарын бастайды. Ал, асханалар мен тамақтану орындары таңғы 8:00 кешкі 22:00-ге дейін онлайн тапсырыс арқылы қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, азық-түлік сататын көтерме сауда орындары мен дүкендер, дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істесе, дәріхана, қонақүйлер, нотариустар, адвокаттық кеңселер де жұмысына кіріспек. Сонымен қатар көшет, тыңайтқыш, бау-бақша өнімдері мен автомобиль бөлшектерін сататын дүкендер және автосалондар өз сатып алушыларын күтеді. Екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» бөлімшелері мен шағын қаржы ұйымдары, ломбардтар және ақша айырбастау пункттері жұмыс істейді. Тұрғындар қызмет көрсету орындарына алдын ала жазылу арқылы бес адамнан аспайтындай тәртіппен ғана кіре алады.

Жанерке Қазыбекова, пошта қызметкері:

- Таңғы 07:00-ден кешкі 18:00-ге дейін халыққа қызмет көрсетіп жатырмыз. Тұтынушыларымызға қаржылай көмек беріп жатырмыз. Олар міндетті түре бетпердемен келуі тиіс. Арақашықтық 1-2 метр, күніне 3 мезгіл дезинфекция жасап тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы