419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайта жұмысына кіріскен мекемелер қандай талаптарды сақтауы керек

  • 535
  • UPD: 17:48, 30.04.2020
Қайта жұмысына кіріскен мекемелер қандай талаптарды сақтауы керек

Елімізде карантин кезінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге қандай талаптар қойылатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автокөлік жөндейтін орталықтар, көлік жууатын орындар мен киім тазалайтын мекемелер сақтық шараларын мықтап ұстануы керек. Әуелі тазалыққа жауапты адамды анықтайды. Жұмысшылардың дене қызуын тұрақты түрде өлшейді. Егер ауру белгілері байқалған маман болса, қызметінен уақытша босатады. Ондай кезде бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне қоңырау шалу керек. Жұмыс берушілер қол астындағы қызметкерлерге медициналық маска мен қолғап таратуға міндетті. Одан бөлек, ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс орнын әрбір 3 сағат сайын дезинфекцияланады.  Жұмысшыларды арнайы көлікпен тасымалдаған жөн. Мұның барлығы қауіпсіздік үшін жасалып отыр.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы