426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда саяжайға бару үшін 2 мыңнан астам адам қаладан шықты

  • 324
  • UPD: 18:34, 30.04.2020

Алматыда екі мыңнан астам адам саяжайларына бару үшін қаладан шыққан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдауға сәйкес, өткен күні 1021 автокөлік пен 2 мың 93 адам саяжайларына бару үшін бақылау-өткізу пункті арқылы қаладан шығып кетті. Азаматтардың көпшілігі жол тосқауылдарын жаяу жүріп өтті.

«Бақылау-өткізу бекеттерінде жұмыс істейтін қызметкерлермен әрбір адамның жағдайы жеке қарастырылды. Біз сол жерде туындаған мәселелерді шешуге көмектесуге тырыстық. Қарт адамдарға ауыр қораптарды, көшеттері бар қораптарды тасымалдауға көмектестік. Еріктілерді жұмылдырдық. Саяжайларға барғысы келетін азаматтардың негізгі ағымы Первомай саяжайлары, Есік саяжайлары, Қаскелең саяжайларының және Іле өзенінің бағыттарындағы посттарда байқалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Хабар 24 телеарнасы