419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өнімін өткізе алмай отырған шаруалардың жанайқайы Сенатқа жетті

  • 605
  • UPD: 20:53, 30.04.2020

Осы орамжапырақтың мәселесі Сенатқа да жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламенттің Жоғарғы палатасында пандемияға байланысты туындаған біраз мәселе көтерілген. Сол жиында Дариға Назарбаева жаңағы Түркістан облысындағы жағдайды мысал етті. «Әлем аштықтың аз-ақ алдында тұрғанда, біз жиналған өнімді өткізе алмай отырғанымыз қынжылтады», – деді Сенат төрағасы. Палата спикері әлемде шикізат бағасы күрт арзандап кеткеніне тоқталып, күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар өзімізде шығарылуы керектігін айтты. Бұл ретте шағын және орта кәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдаудың маңызын атап өтті. Соңында жаңағы орамжапырақтың мәселесін қатаң бақылауға алатынын айтты. Себебі шаруалардың еңбегі зая кетпеу керек.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Бұл істі мәслихат депутаттары мен комиссия мүшелері реттеуі тиіс. Мемлекеттік және жеке меншіктегі қоймалардың сыйымдылығын тексеру қажет. Бос тұрған қоймаларды жалға алып, өнімді сол жерде сақтау керек. Содан кейін сауда орындарына сол жерден жеткізіледі. Осы жайтты ескере отырып, өзге өңірлердегі егістікке назар аудару керек. Бұл іс өте маңызды. Кейін өнім бергеннен кейін кеш болады. Біз фермерлердің енбегін бағалауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы