412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық диқандар ерте піскен өнімін өткізе алмай отыр

  • 195
  • UPD: 22:15, 30.04.2020

Биыл 8 мың гектар алқапқа қырыққабат еккен екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан 310 мың тонна өнім жиналуы керек.

Оның 60 мың тоннасы ішкі нарыққа, қалған 250 мыңы Ресейге экспортталуы тиіс еді. Алайда карантинге байланысты сырттан сұраныс күрт азайған. Енді амалы таусылған диқандар өтпеген ас та төк өнімін тегін таратуға мәжбүр.

Бұл – дайын өнімін сата алмай отырған жетісайлық диқандар. Шаруалар алқап басында шіріп жатқан қырыққабат өнімін қайда өткізерерін білмей дал. Бұрын Ресейге экспорттайтын. Көрші елдің кәсіпкерлері өздері келіп, алқап басынан тиеп әкететін. Биыл карантинге байланысты Ресейде де сұраныс азайған. Облыс басшылығы басқа өңірлермен келісімге келгенмен қомақты көлемде сатып алушылар жоқ. Себебі барлық жерде базарлар жабық, мейрамханалар жұмысын тоқтатқан. Сондықтан Ресейге экспорттаймыз деп жоспарланған 250 мың тонна өнімнің бүгінге дейін 43 мың тоннасы жиналып, 30 мыңы ішкі нарыққа,13 мың тоннасы ресейге экспортталыпты.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Ресеймен келіссөздер жүргізік. Ол жақтың үлкен сауда маркеттерімен келісімге келіп, қазіргі таңда мың тоннаға жуық қырыққабатты өткізу үшін біз өзімізің бағамызды және бүгінгі таңда 60 мың тонна қырыққабатты жөнелтуге дайын екенімізді айтып, ұсынысымызды бердік. Қазір ол жақтан жауап күтіп отырмыз. Егер ұсынысымыз қолдау тапса, біз осы өнімдерді жөнелтеміз. Бүгінгі таңда Алматы қаласының көтерме сауда нүтелерімен келісімге келіп, бүгін Жетісай ауданынан 100 тонна өнім кетті, ертең ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласына да тура осылай жөнелтілетін болады.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір 60 мың тонна қызыққабат өнімі дайын тұр. Қалған 190 мың тонна өнім мамыр айының 20-на қарай піседі. Ал шаруалар ол кезге дейін карантин режимі аяқталып, көрші елдермен байланыс орнайды деп үміттенеді. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрілгі де шығынға батқан шаруаларға қолдау көрсетпек. Қазір екінші өнім егуге дайындалып жатқан диқандарға жеңілтеліген пайызбен несие беруі қарастыруда.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы