420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы қорындағы қаржы инфляциядан қорғалады

  • 347
Зейнетақы қорындағы қаржы инфляциядан қорғалады

Елімізде бір жылдағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 12 пайызға жуықтап, 661,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зейнетақы жинақтары тұрақты инвестициялық табысты көрсетіп келеді. Сондықтан салымшыларға алаңдауға негіз жоқ деді «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басқарма төрағасы Жанат Құрманов. Жалпы зейнетақы жинақтары түрлі валютадағы қаржы құралдарына салынады. Инвестицияның үштен екі бөлігі теңгемен және үштен бір бөлігі шетел валютасымен инвестицияланады. Зейнетақы жинақтарының күрт өзгеруі АҚШ долларының нарықтағы бағамына да байланысты.

Жанат Құрманов, «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басқарма төрағасы:

- Алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені, заңға сәйкес мемлекет азаматтарға олардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан қорғалуына кепілдік береді. Бір сөзбен айтқанда, салымшы зейнетке шыққан кезде, олардың зейнетақы жинақтары азайып қалса, мемлекет оны өтеп береді.

Хабар 24 телеарнасы