426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында алғашқы рейс ұшады

  • 418
  • UPD: 10:52, 01.05.2020

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан ұзақ үзілістен кейін алғашқы рейс ұшады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында ұшатын ұшаққа жолаушыларды тіркеу-отырғызу жүріп жатыр. Әуежайдан студиямен тікелей байланысқа шыққан Гүлзия Нақыпқызы мән жайды баяндап бермек.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Алматыға туыстарыма бара жатырмын. Коронавирусқа тест керек деген соң, әрине мен де карантин талабын орындап тапсырдым. Айта кетейін, тесттің бағасы өте қымбат. 20 мың теңге төледім. Оны кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. Тегін жасаса да болар еді деп ойлаймын. Мәселен, мен өмір бойы салық төлеп келе жатырмын. Тегін тест тапсыруға лайық шығармын. Ал билет бағасын айтар болсам, барарға 30 мыңға, қайтарға 24 мың теңгеге алдым.

Хабар 24 телеарнасы