426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордаға Алматыдан алғашқы рейс ұшып келді

  • 480
  • UPD: 11:21, 01.05.2020
Елордаға Алматыдан алғашқы рейс ұшып келді

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе тасымалы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, Қазақстанның екі қаласы арасындағы елдегі төтенше жағдайға байланысты әуе тасымалына 30 наурызда шектеу қойылған еді.

Арадағы бір айлық үзілістен кейін 1 мамырда, яғни бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға алғашқы жолаушылар Алматыдан келді. Ал елордадан оңтүстік астанаға ұшақ сағат 09:40 кезінде қайта ұшып кетті.

Бүгін Нұр-Сұлтанға Алматыдан тағы төрт әуе сапары орындалады.

Атап айтсақ, сағат 11:35, 14:40, 19:00, 19:20 уақытында төрт ұшақ келіп қонады. Әуе рейстерін «Air Astana», «Qazaq», «Scat» әуе компаниялары орындайды.

Хабар 24 телеарнасы