422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ұлттық тағам түрлерін дайындаудан челлендж басталды

  • 399
  • UPD: 13:27, 01.05.2020
Атырауда ұлттық тағам түрлерін дайындаудан челлендж басталды

Атырауда Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ұлттық тағам түрлерін дайындаудан челлендж басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда мұнайлы өңірде тұратын әрбір ұлт өкілі әлеуметтік желі арқылы өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап ұсынды. Үздіктері Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының сыйлығына ие болды. Бұл – бір жағынан алуан ұлттың өзара ынтымағын арттырып, карантин жағдайында жатқан жандарды серпілтудің бір жолы дейді шараны ұйымдастырушылар. Бүгінде Атырауда 16 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Зураб Бобохидзе, «Иверия» этномәдени бірлестігінің жетекшісі:

– Біз интернет арқылы бір-бірімізді көреміз, мерекемен құттықтаймыз. Ал әлеуметтік желі арқылы ұлттық дәміміздіі ұсынамыз. Осылайша үйде жатсақ та, байланысымызды жалғастыруға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл меніңше ұлттарды жақындататын игі бастама деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы