420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында карантин кезінде балық аулап, саятшылық құрғандар жазаланды

  • 377
  • UPD: 14:25, 01.05.2020

Жамбыл облысында заңсыз балық аулау дерегі тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде бір тәулік ішінде осындай 5 дерек тіркелді. Карантин кезінде саятшылық құрып, аңға шыққандар да бар. «Уылдырық» жедел алдын алу шарасы кезінде Қаратау қаласы мен Өрнек аулының 4 тұрғыны ұсталды. Олар Аса өзенінінің бойында заңсыз балық аулаған. Ал 39 жастағы Аса ауылының тұрғыны саятшылық құрып, аңға шыққан жерінен қолға түсті. Қазір заңға бағынбағандар жауапқа тартылып, әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Мойынқұм ауданында тыйым салынған ауды пайдаланған адам жауапқа тартылды. Одан 100 келіге жуық балық тәркелініп, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Мақсат Мәдимаров, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы:

– Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілу кезеңінде 78 әкімшілік хаттама толтырылып, бір қылмыстық іс қозғалды. 805 мың көлемінде айыппұл салынып, 250 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Хабар 24 телеарнасы