419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда маңындағы саяжайлара өрт қауіпсіздігіне қатысты ескерту жасалып жатыр

  • 323
  • UPD: 14:29, 01.05.2020

Мемлекет басшысының мәлімдемесінен кейін саяжайға ағылғандар саны да еселеп артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елорда маңындағы бау-бақша учаскелерінде қызу қарбалас. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметінің мамандары да қарап қалмады. Олар арнайы рейд өткізіп, өрт қауіпсіздігіне қатысты ескерту жасап жатыр. Өйткені сәуір айының өзінде осындай 16 жағдай тіркелген.

Елорда маңында саяжайлардың бірі. Байқоңыр ауданына қарасты аумақта мыңдаған бау-бақша учаскесі бар. Күннің жылуына байланысты қазір бұнда қызу қарбалас басталды. Әсіресе, айналадағы қоқыстарды жинап, өртеп жіберетіндер көп. Құтқарушылардың айтуынша, дәл осындай жағдайда қызыл жалын қаупі күшейеді.

Елдос Батталов, «Байқоңыр» ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы:

– Әңгімелесу уақытында жану фактілерінің негізгі себептері жеткізіледі. Көбінесе ол отты абайсыз пайдалану, қақысты жағуғ электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу және тағы басқа себептер.

Бұған қоса, қыс бойы қардың астында жатып, қазір кебе бастаған шөптер де үлкен қауіп тудырады. Оған темекінің қалдығын тастай салу не абайсызда өрт қою жағдайлары арты толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметінің мамандары әр үйге бас сұғып, жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп шықты. 

Лидия Карева, бау-бақша кооперативтері одағының жетекшісі:

– Бізде өрт жағдайлары болып тұрады. Бірақ соншалықты жиі деуге келмейді. Осындай түсіндірме жұмыстарының арқасында және бау-бақша кооперавтиві қолға алған шаралардың арқасында көрсеткіш төмендеді. Біздегі өрттер көбіне электр сымдарының қысқа тұйықталуы және темекіні жерге лақтыра салу салдарынан болады. 

Түсіндірме жұмыстары бір реттік емес. Яғни әр маусым сайын, тіпті бір маусымда бірнеше реттен ұйымдастырылып тұрады. Бұға қоса, саяжай аумағындағы ақпараттық тақтайшаларға мынадай арнайы хабарламалар ілінген.

Авторлары: Аслан Қаженов, Айбын Құсанбеков

Хабар 24 телеарнасы