424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар мерекелік көңіл-күйді сезіне алды ма?

  • 628
  • UPD: 18:16, 01.05.2020

Барлық мейрамның басты шарасы бас шаһарда өтуші еді. Биыл қалай? Елордалықтар мерекелік көңіл-күйді сезіне алды ма?

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

Бүгінгі мерекені тек мына безендіруге қарап байқауға болады. Биыл қазақстандықтар Бірлік күнін үйде отырып тойлайды. Өйткені төтенше жағдайға байланысты барлық іс-шаралар онлайн форматқа ауысқан.

Ұлтаралық достықтың нышанына айналған «Бейбітшілік және келісім» сарайы да жабық. Бірақ бұл ғимараттағы көрмелер мен түрлі этностық орталықтарды енді онлайн көруге болады.

Яна Чигарькова, «Туған жер» балалар студиясының жетекшісі:

- Біз «Бейбітшілік және келісім» сарайы туралы телевизиялық экскурсия түсіріп жатырмыз. Карантин кезінде тіпті туристік турлардың өзі қашықтан өтіп жатыр. Біз де сол толқынға ілесіп, онлайн экскурсия жасауды жөн көрдік.

Бүгін елордада көлік көп болғанымен, көшедегі халықтың қарасы аз. Карантин талаптары жеңілдетілгенімен, тұрғындардың басым бөлігі үйлерінде отыр.

Блиц 1:

Жоқ биыл тойламаймыз. Биыл балалармен үйде боламыз.

Тілші:

Мерекелік көңіл-күйіңіз қалай? Жылда қалай тойлаушы едіңіз?

Блиц 2:

- Көңіл күй жоқ. Әдемі тойлайтынбыз. Мына жерде үлкен концерт болатын. Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Карантин біткеннен кейін әдемілеп тойлаймыз.

Елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына да аз қалды. Ал, әзірге көктемнің кезекті мерекесін әр қазақстандық өз шаңырағында атап өтеді.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Айбын Құсанбеков

Хабар 24 телеарнасы