419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» арнасы жаңылтпаштар челленджін бастады

  • 619
  • UPD: 21:01, 01.05.2020

Қазақстан халқының бірлігі күні «Хабар 24» арнасы жаңылтпаштар челленджін бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіл сындырғысы келетін өзге ұлт өкілдері қазақша жаңылтпаш жаттап, видео түсіруі тиіс.

Желідегі бұл жарыста шекара, шектеу деген атымен жоқ. Арнамыздың тілшісі Бақыт Топтаева бастаған челленджге қазірден-ақ АҚШ, Сауд Арабиясы, Колумбия, Бразилия мен Оңтүстік Корея тұрғындары үн қосып үлгерді. Ендігі кезек кімдікі?

Бақыт Топтаева, тілші:

Күллі әлем қазір карантинде. Енді бос уақытын мәнді өткізу үшін кей тұрғындар тіл үйренуге ден қойған. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер осының жарқын мысалы. Ол қазақ тілін онлайн режимде оқи бастаған. 100-ден аса этносты қойнына сыйғызған елімізге Мозер мырза, осылайша, құрметін білдірсе керек. Тіпті қазақстандықтарды Бірлік күнімен мемлекеттік тілде құттықтады.

Ульям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі:

- Баршаңызға Бірлік күні құтты болсын! Мерекемен құттықтаймын! Үйде болыңыздар, аман болыңыздар!

Бақыт Топтаева, тілші:

- Ия, тілі бөлек ұлт өкілдерінің тілегі бір! Жаһанды жайлаған індетпен күресте жеңіп шығу. Ол үшін карантин талабын сақтап, үйден шықпаған абзал. Төрт қабырғаға телміріп зерікпес үшін қазақ жаңылтпаштарын жаттауды жөн көргендер де бар. Сөйтіп, Сары құрлықта басталған челлендж мұхит асып, Жаңа құрлықта қолдау тапты.

Суёнг Чо, Оңтүстік Корея азаматы:

Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше!

Софи Гуньон, Франция азаматы:

Доп теп, дөп теп!

Каролине Ерке, Бразилия азаматы:

Доп теп, дөп теп! (рэптің мақамымен

Бақыт Топтаева, тілші:

- Ия, бразилиялық досымызға қазақ жаңылтпаштарының екпіні ұнаған сыңайлы. Енді Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері де бұл челленджен шет қалмас деген үміттеміз. Дыбыс үндестігі ерекше үйлесетін мына бір жаңылтпашты Көкшетаудағы Қапал аудандық әкімдігінің маманы Владимир Чеппель мен Тараздағы әріптесім Викторияға жолдаймын.

Бекіністе бес дос кездесті,

Белдігін тартып бестілерінің,

Бетегелі бөктерде белдесті.

Челленджді жолдаушылар: Бақыт Топтаева, Ержан Рахманберді және «Хабар 24» арнасының ұжымы.

Хабар 24 телеарнасы