424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіс күніне орай әлеуметтік желіде ардагерлерді құттықтау шарасы ұйымдастырылады

  • 619
  • UPD: 22:10, 01.05.2020
Жеңіс күніне орай әлеуметтік желіде ардагерлерді құттықтау шарасы ұйымдастырылады

Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана қауіпті індеттен тезірек құтыламыз.

Сондықтан Мемлекет басшысы мамыр айындағы мерекелерді де үйде отырып атап өту керектігін айтқан болатын. Алда Отан қорғаушылар күні бар. Және биыл – Жеңістің 75 жылдығы. 9 мамыр күні қан майданға қатысқан ардагерлердің бірде-біреуі ескерусіз қалмайды. Мұны Президент аймақ басшыларына мықтап тапсырған. «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды». Жеңіс күні әлеуметтік желіде осындай атаумен ардагерлерді құттықтау шарасы ұйымдастырылады. 

Мұрат Әбдішүкіров, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері ұйымы үйлестіру кеңесінің төрағасы:

- Әлемді жайлаған індетке байланысты көптеген жоспарларымыз өзгерді. Дегенмен, Жеңістің 75 жылдығы ескерусіз қалмайтыны анық. Бірқатар мерекелік шараларды 22 маусымға ойластырып отырмыз. Өйткені дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталғаны белгілі. Ал, осы жылдың 2 қыркүйегінде біз соғыстың аяқталған күнін атап өтсек дейміз. Ең бастысы, елімізде бейбітшілік болсын деп тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы