418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда Бірлік күні жылдағыдан ерекше өтті

  • 241
  • UPD: 23:25, 01.05.2020

Мерекені оралдықтар да ерекше атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күні тұрғындар көп қабатты үйлердің балкондарынан хормен өлең айтып, тұрғын үй ғимараттарын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендірді. Бұл бастамаға Ассамблея құрамындағы ұлттық этномәдени бірлестік мүшелері мұрындық болды.

Аветик Амирханян, Армян этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Халықтың бірлігі, ұлтаралық келісім деген бос сөз емес. Оны мына қазіргі күрделі кезең анық көрсетті. Тек бірліктің арқасында біздің қоғам кез келген қиындықты еңсеріп, алға дами алады. Сондықтан барша қазақстандықтарды осы көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жамал Ихсанова, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша онлайн жоспар жасалды. Сол жоспарда көрсетілген шаралардың бәрі ұйымдастырылып жатыр. Әрине, ол үлкен күш. Этномәдени орталық өкілдері, өзге ұлттар қайырымдылық акциясы өз алдына, жастардың достық клубтары челлендж ұйымдастырып, акция ұйымдастырып, мақал-мәтелдер айтып, балконнан өлең айтып, бұл да бірліктің үлкен бір көрінісі.

Хабар 24 телеарнасы