420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да коронавирустан емделіп жатқандар ауруханадан шығып кетпек болған

  • 282
  • UPD: 23:27, 01.05.2020

Батыс Қазақстан облысында коронавирус күдігімен ауруханада жатқан 30-ға жуық науқас мекеменің есігін бұзып сыртқа шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бойларында сырқат белгісі байқалмаған соң өздерін «саумыз» деп санап, үйлеріне қайтаруды талап еткен. Сөйтіп, мекеме басшылығына көнбеген соң жағдайға полиция қызметкерлерінің араласуына тура келді. Жалпы бұл облыста коронавирус жұқтырған 152 адам анықталса, соның басым бөлігі Ресейден вахтадан оралғандар. Арасында өзге өңірлердің тұрғындары да бар. Карантиндік стационардағы тексеру кезінде олардың қанынан вирус табылғандықтан, барлығы да оқшауланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Болатбек Белгібеков, облыстық ПД ресми өкілі:

- Олардың барлығында КВИ диагнозы расталған, алайда, науқастар аурудың айқын белгілері жоқтығын алға тартып, медициналық мекемеден өз беттерінше шығып кетуге әрекеттенген. Медперсоналдың талаптарына құлақ аспаған, сондықтан оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін сағат 14:45-те барлық науқастар өз палаталарына қарай бет алды. Бұл ретте қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы