432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы бірнеше басқарма бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған

  • 332
  • UPD: 07:38, 03.05.2020
Ақмола облысындағы бірнеше басқарма бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған

Ақмола облысында бірнеше басқарманың бюджет қаржысын тиімсіз жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік мекемелердің мұндай әрекетіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтағы өкілдері арнайы мониторинг барысында көз жеткізген. Мәселен, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қызметкерлеріне бас-аяғы 9 млн 700 мың теңгеден астам қаражатқа ұялы телефон сатып алып бермек болған. Алайда, құзырлы органдардың араласуымен бұл сома 2 млн 682 мың теңгеге қысқартылыпты. Мамандардың айтуынша, осыған ұқсас жағдайлар тағы бірнеше басқармада кездескен. Бірақ тексеру жұмыстарының толық аяқталмауына байланысты олар жайлы ақпарат әзірге берілмеді. Дегенмен, 10 шақты мемлекеттік мекеме, құзырлы органның ескертуімен шартта көрсетілген бастапқы бағаларынан бас тартқан. Мониторинг әлі де жалғасады.

Бақытжан Әмірханов, облыстық сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Алдағы жоспар енді мысалы, төтенше жағдайға байланысты бір сатушыдан рұқсат етіледі. Тендер өткізбей-ақ бір жерден алуға рұқсат етілген заң бойынша. Бірақ біз мына төтенше жағдай біткен соң, мысалы, денсаулық саласын айтатын болсақ, 42 500 бөлінген әлеуметтік саласы және басқа да салаларға ақша бөлініп жатқан. Қай салаларға ақша бөлінді мемлекеттен, біз де сол тараптан зейін қойып қараймыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы