429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында пандемияға қарсы күреске бөлінген қаржы үнемделді

  • 622
  • UPD: 07:59, 03.05.2020
Павлодар облысында пандемияға қарсы күреске бөлінген қаржы үнемделді

Ертіс өңірінде коронавирус инфекциясына қарсы күреске бөлінген 976 миллион теңгенің 83,6 миллионы үнемделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағына төтенше жағдай енгізілген күннен бастап «Ертіс –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, арнайы мониторингтік тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бюджет қаражатының жұмсалуын ерекше назарға алды. Осы саланың өкілдері мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Денсаулық сақтау басқармасының медициналық қондырғыларды алу бойынша жариялаған байқауында сатып алудың ерекше тәртібі қолданылды. Бұл жерде баға ұсыныстары мұқият тексеріліп, бір көзден сатып алу тәсілі қолданылған. Жергілікті фирмаларға басымдық беріліп, тауардың құны мен сапасы, жеткізілу мерзімі есепке алынған. Сатып алудан үнемделген қаржыға қосымша бірнеше аппараттар алынды. Монитор 10 миллион теңге көлемінде болса, өкпені желдету аппараты 23 миллион теңге тұрады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күреске бөлінген мемлекеттік қаржыны бөлуде артық шығынға жол берілмеуін қадағалайды.

Жанғазы Еркеғали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі арнайы мониторинг тобының мүшесі:

- Комиссия сатып алатын фирмалардың арасынан бір көзден жаңағы өзінің сапасы, уақыты, мерзімі бойынша келетін фирманы таңдап алады да, қолма-қол ақша аударады. Одан бөлек, жаңағы біз медициналық құралдарды сатып алу барысында ең жоғарғы берілген қаражаттан төмен, фирманы, жергілікті фирманы таңдап алдық. Олар мерзімімен уақыты және сапасы сай келетін болды. Соның арқасында біз монитор мен өкпені желдететін аппаратты екеуін қосқанда 83 миллион қаражат үнемдедік. Қазіргі уақытта белгілеген ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алулардың қазіргі уақыттағы көмегі деп білеміз.

Хабар 24 телеарнасы