417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мақтааралда төтенше жағдайдан 620 үйге зақым келді

  • 445
  • UPD: 17:29, 03.05.2020
Мақтааралда төтенше жағдайдан 620 үйге зақым келді

Мақтаарал ауданындағы төрт елді мекенде 620 үйге зақым келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел штаб мүшелерінің айтуынша, ауыл тұрғындарын көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінге дейін бұл орындарға 7 мыңға жуық адам орналастырылды. Оқшаулау орындарына жеткізілген тұрғындарға 120 медицина қызметкері қажет көмекті беріп жатыр. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас ауылдарына 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, су басу қаупі бар көршілес Жетісай ауданының, Қоғалы елді мекеніне қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника мен 508 адам жөнелтілді. «Жағдай толық бақылауда», – дейді мамандар. Барлық қажет көмек уақтылы көрсетіліп жатыр.

Адалат Назарова, Жаңа тұрмыс ауылының тұрғыны:

– Бәрімен қамтамасыз етіп жатыр. Үкіметке рақмет. Бізге көмек көрсетіп, жылы орын, төсек беріп жатыр. Жайғастырды ғой бәрімізді. Ешкім далада қалып жатқан жоқ.

Темірлан Жұмашев, Жеңіс ауылының тұрғыны:

– Түстен басталып, түнгі 3-4-ке дейін сонда болдық. Ауданнан, құтқару тобынан келді. Барлығына рақмет. Апат айтып келмейді ғой. Ауылда үйлер қирады біраз, мал қырылды. Осының бәріне ел болып, құтқарып жатыр. Таңға жақын ауылды тастап шықтық қой.

Хабар 24 телеарнасы