431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада карантин режимін бұзған азаматқа айыппұл салынды

  • 412
  • UPD: 20:39, 03.05.2020
Елордада карантин режимін бұзған азаматқа айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті карантин режимін бұзған 44 жастағы Анатолий Ким есімді азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, спортпен шұғылдануды жалғастырған. Тіпті тәртіп сақшыларының талаптарын елемей, оларға қарсы шыққан. Құқық бұзушы карантинді бұзғаны үшін енді 27780 теңге айыппұл төлейді. Сот Есіл аудандық полиция басқармасында онлайн режимінде өткізілді. Еске сала кетейік, карантин режимінде азаматтарға саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда спортпен айналысуға тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы