423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

  • 618
  • UPD: 21:40, 03.05.2020
Елімізде коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды

Бүгін елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бірі Шымкент шаһарының 78 жастағы тұрғыны болса, біреуі Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласының азаматы. Денсаулық сақтау басқармасы берген ақпарат бойынша, 1958 жылы туған ер адам 5 сәуір күні провизорлық госпитальға жатып, өкпе қабынуы диагнозы қойылған. Ал 14 сәуір күні ол ұлттық ғылыми кардиология орталығы мамандарының шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы ауруханасына ауыстырылды. Коронавирус инфекциясы анықталған науқастың қос өкпесі қабынып, тыныстауы қиындаған көрінеді. Ем шаралар нәтиже бермей, ер адам бүгін жан тапсырған. Жақындарының бірінен де қауіпті індет анықталып, ол толық емделіп шыққан. Қазір ол үй карантинінде бақылауда.

 

Хабар 24 телеарнасы