420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгіннен бастап жұмысын қайта бастаған қызмет түрлерінің тізімі

  • 354
  • UPD: 10:55, 04.05.2020
Бүгіннен бастап жұмысын қайта бастаған қызмет түрлерінің тізімі gkb5.kz

4 мамырдан бастап бірқатар кәсіпорын жұмысын қайта бастайды.

Олар:

– аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

– фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

– шаштараздар (жазылу бойынша);

– медицина орталықтары (жазылу бойынша);

– стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

– жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

– шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Биылғы 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.

4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Рейстер санитарлық талаптардың нормаларын күшейтумен, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтап отырғызу арқылы жүзеге асырылып жатыр.

4 мамырдан өңірлерде қатынайтын ұшақтардың ұшу кестесі мына жерде жарияланған.

Бұған дейін мемлекеттік комиссия 4 мамырдан бастап бірқатар кәсіпорынға жұмысын қайта жандандыруға рұқсат бергенін хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы