419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл мерзімді әскери қызметке 17 мың азамат шақырылады

  • 574
  • UPD: 13:11, 04.05.2020

Былтыр көктемде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Запасқа шыққанға дейін олар киім-кешек, азық-түлік, қаржы және медициналық тұрғыда қамтамасыз етіледі. Бұл туралы еліміздің Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл көктемгі әскери қызметке шақыру маусымында 17 мыңнан астам азамат шақырылмақ. Коронавирус таралуының алдын алу үшін әскерге келген жас буын оқшау орналастырылады және әскери бөлімшелерде санитарлық талаптар қатаң сақталады. Ал студенттер, ауылдық жердегі дәрігерлер, парламент депутаты немесе жергілікті жерде жауапты қызметтегі азамат және биыл қосымша мұғалімдер әскери шақыртуды кейінге қалдыру құқығына ие.

Хабар 24 телеарнасы