426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар өңірінде заңды тұлғаларға арналған ХҚКО-лар ашылды  

  • 348
  • UPD: 11:20, 04.05.2020
Еліміздің бірқатар өңірінде заңды тұлғаларға арналған ХҚКО-лар ашылды   SN.kz

Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімімен 4 мамырдан бастап елордада бір ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмысын қайта бастады.

Айта кетейік, Мәңгілік ел, 30 мекенжайында орналасқан ХҚКО тек кәсіпкерлік субъектілеріне, ал мамандандырылған ХҚКО автокөлік салондарына қызмет көрсетеді. ХҚКО жұмыс кестесі 09:00-ден 17: 00-ге дейін.

Қызмет алушылардың көптеп жиналуын болдырмау және вирус жұқтыру қаупін жою үшін ХҚКО несиелеу бойынша оң шешім алған, әкімдіктің алдын ала ұсынған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Кәсіпкерлер ХҚКО-да бизнесті жүргізумен байланысты қызметтерді, соның ішінде жылжымайтын/жылжымалы мүлікті кепілге қою шартын және оның қосымшасын тіркеу қызметтерін ала алады.

Мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын қайта тіркеу қызметі тек автокөлік салондары үшін көрсетіледі. Олар да алдын ала әзірленетін кестеге сай қызмет алады, деп хабарлайды Азаматтарға арналған үкімет мекемесінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы ұсыну үшін Азаматтарға арналған үкімет кәсіпкерлерге құжаттардың толық пакетін ұсынуды сұрайды.

4 мамырдан бастап шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО-лар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында да ашылды.

Ал Орал, Қарағанды және Ақтау қалаларында жеке тұлғалар үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын жандандырды. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты онда тек онлайн түрде қолжетімсіз қызметтер бойынша қызмет алуға болады. Бұл ретте электронды үкімет порталы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала кезек уақыты броньдалуы тиіс.

Дегенмен зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар электрондық қызметтерді ХҚКО-дан ала алады. Фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚКО-ға баратын уақытын алдын ала броньдауы керек.

ХҚО-да кезекке тапсырыс беру: https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/// немесе 1414 нөмірі арқылы.

4 мамырда жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлерге қызмет көрсететін ХҚО және жеке тұлғаларға арналған ХҚКО тізімі: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/04/30/keibir-aimaktarda-khko-zhumysy-kaita-zhandanady/

Хабар 24 телеарнасы