426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтаарал ауданында жалпы 631 үй су астында қалған

  • 354
Мақтаарал ауданында жалпы 631 үй су астында қалған

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен бүгінге дейін 31 мың 606 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы саны 631 үй су астында қалды. Құтқару жұмыстарына 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған. Көшірілген тұрғындардың бәрі арнайы орындарға жайғастырылып, ыстық тамақ, жылы киіммен қамтамасыз етілуде. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев қиын кезде ешкім көмексіз қалмайтынын айтты. Жауапты сала басшыларына ең алдымен эвакуациялық пункттерге орналасқан халыққа әлеуметтік көмек көрсетуі және өтемақы төлеу үшін шығын көлемін анықтауды жүктеді. Қырылған мал мен қираған үйлердің санын есептеп шығаруды тапсырды. Кәсіпкерлік нысандарға келген залал мөлшерін анықтап, су шайған автомобиль жолдарының шығынын есептеуді мінеттеді. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қолдау білдіремін деушілер үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейтінін айта кетейік. Қайырымдылықты аталмыш қордың есеп шоттарына аударуға болады. Ал бүгін мақтааралдықтарға алғашқы гуманитарлық көмек Жамбыл облысынан жетті.

Нұржан Календияров, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

– Оның ішіне Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің демеуімен жиналған 30 тонна азық-түлік тауаларлары, 10 мыңнан астам киім-кешек, төсек жабындылары, қажетті тауарларын алып келіп отырмыз. Азда болса көмек, мынау зардаптың арты жақсы болсын деген ниеттеміз.

Хабар 24 телеарнасы