410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

  • 181
  • UPD: 15:33, 04.05.2020
ҚР ҰҚК интернеттегі ақпараттық қауіптерге қатысты Telegram-бот ашты

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әсер ету қызметі интернеттегі ақпараттық қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардар етіп отыратын Telegram-ботты іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, Telegram-бот арқылы қазақстандықтар:

- «KZ-CERT қызметтері» айдарына ақпараттық қауіпсіздіктің ықтимал қаупі және инциденті туралы хабарлай алады;

- «Call – Center» қызметінің 1400 бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығына тәулік бойы тегін қоңырау шалуына болады.

- Қандай да бір доменде зиянды бағдарламалық жасақтаманың бар-жоғын тексере алады;

- «Құпия сөздің күрделілігін тексеру» қызметі жеке ақпараттың қауіпсіздігін күшейтуге көмектеседі;

- «Жиі қойылатын сұрақтар» айдарында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жиі жолданатын сұрақтарға жауап беріледі.

«Сондай-ақ KZ-CERT қызметі ребрендинг жасап, www.cert.gov.kz жаңа интернет-ресурсын пилоттық режимде іске қосқанын еске салады. Жаңа интернет-ресурста нашар көретіндерге арналған нұсқа жетілдірілді, ресурстың мобильдік нұсқасы икемделді, құпия сөздің күрделілігін тексеру қызметі қосылды, онлайн режимде кез келген уақыттағы инциденттер статистикасын қарауға болады және 24/7 режимде онлайн кеңесшіден ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес, көмек алуға болады», - делінген «KZ-CERT» Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мәліметінде.

Хабар 24 телеарнасы