426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есік қаласындағы саяжайдан карантин алынды

  • 331
  • UPD: 22:23, 04.05.2020
Есік қаласындағы саяжайдан карантин алынды

Алматы облысының Есік қаласындағы саяжай қауымдастығынан карантин алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты «Көксай», «Береке», «Алтын Алма» және «Алтын Адам» деп аталатын елді мекендерге енді емін-еркін кіруге болады. Өткен айда саяжай тұрғындарынан COVID-19 індеті анықталып, аумақ толықтай оқшауланған болатын. Кейінгі кезде ауру жұқтырғандар саны тіркелмегендіктен, әкімшілік саяжайдағы шектеу шаралары жеңілдетті.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Сонымен бірге Есік қаласынан қатаң карантин режимі алынып тасталды. Ертең осы аталған аудандағы Шелек елді мекені де қатаң карантиндік режимнен ашылатын болады. Сары өзектегі жағдай бірқалыпты. Осы уақытқа дейін жаңа деректер тіркеліп жатқан жоқ. Егер эпидемологиялық жағдай осы аптаның аяғына дейін сақталатын болса, аптаның аяғында Сарыөзекті ашу туралы мәселе қозғалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы