423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 1025 ардагері бар

  • 601
  • UPD: 16:54, 05.05.2020
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 1025 ардагері бар

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 1025 ардагері мен мүгедектері тұрады. 

Сондай-ақ 123 мыңнан астам ҰОС-та Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы азаматтар бар.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әукенов Ерлан ОКҚ брифингінде айтты.

Айтуынша, 2015 жылы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығында ардагерлердің барлығы тұрғын үймен қамтылған.

«ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 2100-ге тарта азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде 366 азамат жергілікті атқарушы органдардың тарапынан берілген уақытша тұрғын үйлерде тұрып жатыр», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Асқар Ниязов.

Хабар 24 телеарнасы