418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық Nur Otan еріктілері Мақтаарал ауданына көмектесуге жұмылдырылды

  • 226
  • UPD: 17:41, 05.05.2020
Елордалық Nur Otan еріктілері Мақтаарал ауданына көмектесуге жұмылдырылды

Коронавирус пандемиясына қарсы күресте еріктілер өздерінің бірлігін көрсетті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Nur Otan партиясы су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қырық тонна азық-түлік жөнелтеді. Бұл туралы Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ ол су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін партияның барлық еріктілері жұмылдырылатынын айтты.

«Қазір Nur Oran Мақтаарал ауданына 40 тонна азық-түлік жөнелтеді. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққалы тұрмыз. Онда жүзден астам адам жұмыс істейтін еріктілер штабы құрылды. Су тартылған кезде бүкіл еріктілер штабын жұмылдырамыз», – дейді Е.Бейсенбаев.

Jas Otan жастар қанаты жетекшісінің айтуынша, коронавирус пандемиясымен күресте еріктілер туындаған мәселелерді шешуде өздерінің ұйымшылдығы мен бірлігін көрсетуде.

19 наурыздан бастап Елбасы – Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы басталды. Оның аясында жасотандықтар 110 мыңнан астам отбасын азық-түлік себеттерімен, сондай-ақ гигиена құралдарымен қамтамасыз етті.

«Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 5 млн-нан астам маска таратылды. Қазақстан бойынша күн сайын 3 мыңнан астам жалғыз басты зейнеткерлер ыстық тамақ алды. Бұл жұмыстың барлығы еріктілермен атқарылуда. Бүгінде Jas Otan қатарында 3 мыңнан астам ерікті бар, олар бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейді», – дейді Е.Бейсенбаев.

Еске салсақ, жарияланған науқан аясында «Бipгемiз» қоры құрылып, ол арқылы 360 мың отбасына 50 мың теңгеден бір реттік көмек көрсетілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы