428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі дипломаттық корпус өкілдері митинг туралы заң жобасымен танысты

  • 257
  • UPD: 18:00, 05.05.2020

Еліміздегі дипломаттық корпус өкілдері бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері туралы заң жобасымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, құжат халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Заңнама бірінші кезекте азаматтардың бейбіт митингілер, шерулер, жиналыстар мен пикеттер өткізуіне қатысты конституциялық құқығын пайдалануды көздейді. Заң жобасын әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибемен қатар, елдегі қоғамдық пікірлер де ескерілді. Атап айтсақ, адам құқықтары жөніндегі ұйымдар, үкіметтік емес сектордың өкілдері және академиялық сарапшылар жұмыс тобының отырыстарына белсенді түрде қатысты.

Айта кетейік, бұл заң жобасы Мәжілісте қабылданып, Сенаттың қарауына жіберілген болатын.

Андре Карстенс, Нидерланд корольдігінің қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Бұл заң жобасы өте маңызды деп есептеймін. Одан қоғамның көрінісі байқалып тұрады десем артық айтпағандық. Сіздердің Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдасын іске асыруға баса мән беріп отыр. Бұл әрине, халық билік арасында диалог орнатуға сеп. Тіпті заңға қатысты елшілер мен қауымдастықтардың пікірін білді. Оның заңды қабылдау барысында септігі тиетіні анық.

Анатолий Ничкасов, Беларусь республикасының қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Заң Сенатта қаралып, ұсыныстар мен өзгерістер енгізілгеннен кейін қабылданады деге ойдамын. Заңның уақыт талабына қарай толығып, өзгеріп тұрғаны дұрыс. Бастысы, халықтың құқығы сақталуы тиіс. Яғни өз пікірін еркін білдіргені жөн. Заң нормаларында оның барлығы қаралған. Депутаттық корпус мұндай жиындарға алғаш рет қатысып отырған жоқ. Әрдайым елдегі болып жатқан маңызды оқиғаларға өз ойларын білдіріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы