425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында үш айда 115 млн теңге үнемделді

  • 371
  • UPD: 21:40, 05.05.2020
Қарағанды облысында үш айда 115 млн теңге үнемделді

Қарағанды облысында небәрі 3 айда 115 миллион теңге үнемделді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былықтың басым бөлігі әдеттегідей мемлекеттік сатып алулар төңірегінде байқалады. Мемлекеттік бюджет қазанынан қарпып қалғысы келетіндер сатып алулар жүргізген кезде тауардың орташа бағасын екі-үш есе қымбаттатқан. Мысалы, Жезқазған қаласының білім бөлімі 500 компьютердің әр данасын 300 мың теңгеден сатып алмақ болған. Алайда сипаттамасы осыған ұқсайтын компьютерлердің нарықтағы бағасы 160 мың теңгеден аспайды. Осыған ұқсас жағдай әкімдіктердің бірінде болды. Қызметтік көлік сатып алу туралы конкурсқа антикор қызметі араласқан соң, 60 миллион теңге бюджет қаржысы үнемделіп, конкурс тоқтатылды. Мамандар мұндай былық әр салада бар дейді.

Асхат Оразхан, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

– Тауар бағасын негізсіз өсірген фактілер анықталған болса, алдымен ауызша ескертумен шектелеміз. Содан кейін аталмыш мемлекеттік орган біздің мамандардың көзіне тағы да түссе, сол органның бірінші басшысымен қоса жауапқа тартылады. Бұл бағытта әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік қарастылырған. Біз қылмыстың ауырлығына қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы