423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 25 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылады

  • 368
  • UPD: 12:21, 06.05.2020
Алматыда 25 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылады

Қазіргі уақытта субұрқақтарды жөндеу және тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады inalmaty.kz.

Олар 25 мамырға іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Қаладағы субұрқақтар 2019 жылдың 22 қазанында өшірілді. Сол кезде Алматыда 125 субұрқақ жұмыс істеп тұрды, оның 46-сы коммуналдық меншікте, 65-і жеке меншікте және 14 жаңа субұрқақ қаланың балансына әлі өтпеген еді.

Айта кетсек, өткен жылы күзде Достық даңғылында жаяу жүргіншілер жолының бөлігін қайта құру кезінде екі құрғақ субұрқақ салынды. Олар Жамбыл ескерткіші алдында және Педагогикалық университет алдында орналасқан. Сонымен қатар 2019 жылдың мамыр айында Құрманғазы консерваториясының алдында домбыра түріндегі субұрқақ ашылды.

Хабар 24 телеарнасы