419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Ұлттық ұланның сарбаздары марапатталды

  • 452
  • UPD: 15:44, 06.05.2020
Қарағандыда Ұлттық ұланның сарбаздары марапатталды

Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 4 бірдей әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтіп, сарбаздар салтанатты сап түзеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғам тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып жүрген жауынгерлер бұл күні «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталып, бірқатар офицерге шен тапсырылды. Карантин басталғалы бері сарбаздар қаланы жаппай зарарсыздандыру жұмыстарына қатысуда. Белсенділері бұл күні алғыс хат алды.

Нұрболат Оралбаев, сарбаз:

- Мен бұйырса, осы айдың аяғында, Алла қаласа, қайтамыз. Келгеніме мен өкінбеймін армияға. Өз мақсатыма, өз армандарыма жеттім деп ойлаймын осы армияның арқасында. Бізге көптеген нәрселерді үйретті бұл әскер. Дисциплина, уақыттың қадірін түсінуді, ата-ананың қадірін түсінуді және де көптеген достар таптым өзіме.

Хабар 24 телеарнасы