Соңғы екі апта ішінде коронавирус жұқтыру деңгейі тұрақталып келеді – Т.Сұлтанғазиев
- 357
- UPD: 16:01, 06.05.2020

Соңғы 2 аптаның ішінде коронавирус инфекциясының өсуі 7% деңгейінде тұрақталды.
Соңғы үш күнде өсім 4%-дан аспады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ брифингінде айтты.
Айтуынша, елдегі барлық коронавирус жағдайының 57%-ы халықтың белгілі бір топтарын скринингтік зерттеуден өткізу барысында анықталды. Вирус науқастардың 36%-ында медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды. 7,2% жағдай сырттан әкелінді.