426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуірде қазақстандықтарға азық-түлік алу үшін 5,3 млрд теңге аударылды

  • 251
  • UPD: 16:09, 06.05.2020
Сәуірде қазақстандықтарға азық-түлік алу үшін 5,3 млрд теңге аударылды Túrkistan

Ағымдағы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша 960 мың қазақстандық жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды.  

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты алушылардың тізімі кеңейтілген.

Әлеуметтік көмектің бұл түрін келесі санаттағы азаматтар алады:

  - атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары;

  - медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

  - медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

  - мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;

  - жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Аталған көмек түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар тарапы жасайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Наурызда 266 мың адам жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгенің төлеміне ие болды.

Хабар 24 телеарнасы