421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған 6 қазақстандықтың жағдайы ауыр

  • 397
  • UPD: 17:28, 06.05.2020
Коронавирус жұқтырған 6 қазақстандықтың жағдайы ауыр

Елімізде коронавирус жұқтырған 6 адам өте ауыр халде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтты. Жалпы ауру жұқтырған науқастардың 85 процентінің жағдайы бірқалыпты, 14 процентінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.  Министрлік өкілінің хабарлауынша, қазір вирус жұқтырған 25 науқастың жағдайы ауыр. Оның жетеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жалпы аурудың таралуы бәсеңдеген сыңайлы.Кейінгі екі аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 7 пайыздан аспаған, ал соңғы үш күнде 4 пайызға дейін төмендеді.

Тимур Сұлтанғазиев , ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы:

– Коронавируспен ауыратындар кем дегенде 4 адамға ауру жұқтырады. Сондықтан оларға өзін-өзі оқшаулау маңызды. Еліміздің бірнеше өңірінде карантин режимін бұзғандар анықталды. Сәуірде үйдегі карантин режимін бұзғандардың үлесі 4 процент болса, мамырда 29 процентке дейін өскен. Карантин ережелерін бұзғандар туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді.

 

Хабар 24 телеарнасы