431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтааралдағы жағдай: Депутаттар пікір білдірді

  • 315
  • UPD: 17:29, 06.05.2020
Мақтааралдағы жағдай: Депутаттар пікір білдірді

Төтенше жағдайдан келген шығын толық өтелуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Құдайберген осылай деп пікір білдірді. Ол үкіметтік  комиссияның Түркістан облысында су басқан тұрғын үйлерге келген залалды есептеген кезде  мына жайттарға көңіл аударуын өтінді.  Мәселен, баспананы салған материалға ғана емес, үйдің  көлемі мен тұрғындар  саны  негізге алынуы тиіс.  Себебі кейбір азаматтар өз мүліктерін рәсімдеп үлгермеуі де мүмкін.  Сондықтан осы жағдайды ескеру қажет.  Диқандарға да барынша қолдау жасалғаны жөн.

Ержан Құдайберген,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жерасты суларының жақын орналасқанын ескере отырып, су басқан жерлерді қалпына келтіру мақсатында дренаж жүйелерін қолдануды және қашыртқыларды іске қосу қажет деп санаймыз. Диқандарға егінді қайта егуге қолдау жолдарын қарастыра отырып, оның ішінде ауыл шаруашылығы, техника, жанар-жағрмай, жедел қамтамасыз ететін және оларға егістік алқаптарда уақытша паналайтын  мүмкіндік жасау керек.

Хабар 24 телеарнасы