419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 17,4 мың өтініш мақұлданды

  • 457
  • UPD: 19:14, 06.05.2020
«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 17,4 мың өтініш мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 29 756 өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша несие алуға 338,81 млрд теңге сомасына 29 756 өтініш қабылданды. Нәтижесінде 200,20 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 430 өтінім мақұлданды»,– деп хабарлады Ұлттық банк.

Еске сала кетсек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% басталады. Несие мерзімі 25 жыл.

Хабар 24 телеарнасы