427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның батыс аймағында браконьерлерге 7,2 млн теңге айыппұл салынды

  • 462
  • UPD: 20:19, 06.05.2020
Қазақстанның батыс аймағында браконьерлерге 7,2 млн теңге айыппұл салынды

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізілген «Бекіре-2020» операциясы кезінде заңсыз балық аулаған браконьерлер қолға түсіп, оларға 7,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы орган өкілдері бір ай ішінде 660 заңбұзушылықтың жолын кесіп, 413 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Ал 21 браконьердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Рүстем Күркітов, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы:

– Арнайы жүргізілген операция барысында 6 тонна балық тәркіленді. Оның 700 келісі бекіре, 16 келіден астамы уылдырық. Сондай-ақ браконьерлерден 270 дана балық аулайтын құрал, 39 қайық және 8 көлік табылған.

Хабар 24 телеарнасы