423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшылар: Карантиннен кейін адами капиталды дамыту маңызды

  • 375
  • UPD: 20:17, 06.05.2020
Сарапшылар: Карантиннен кейін адами капиталды дамыту маңызды

Карантиннен кейін экономиканы жаңғырту өз алдына, адами капиталды дамыту да маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары онлайн конференция өткізіп, аталған тақырыпты талқыға салды. Сарапшылар зерттеу жүргізіп, жүйелі іске асыру тетіктерін ұсынды. Адами капиталды қалыптастыру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Және бұл бағыттағы кедергілер де сөз болды.

Әнуар Боранбаев, консалтинг және зерттеу орталығының серіктесі:

– Қазір Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңінің алдында тұр деп айтуға болады. Алғашқысы, тоқсаныншы жылдардағы жекешелендіру кезеңі еді. Ол кезде басты мақсат елдің тәуелсіздігін сақтап қалу болды. Одан кейінгі кезең 2000 жылдардың басы. Бұл кезде мемлекет аяғынан тұрып, қолда бар ресурсты экономиканы дамытуға жұмсай алды. Ендігі кезеңде елдің басты құндылығы адами капитал болуы тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы