Қарағандыда тұратын 5 жасар Надир Дайрабаев кеудені жерден көтеру жаттығуын үзіліссіз 1200 рет жасап, Қазақстанның рекордын жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24»
Оның бұл жаттығумен айналысқанына небәрі жылға жуықтаған. Келешекте ол көрсеткішін 4500-ге жеткізіп, Гинестің рекордтар кітабына енуді көздейді. Қазір әкесінің нұсқауымен шынығып жүр. Бұдан бөлек Надир күнделікті белтемірге тартылып, бір аяқпен түрлі жаттығулар жасайды екен. Ата-анасы балаларының болашақта үлкен жетістікке жететініне сенімді.
Надир Дайрабаев, жас спортшы:
– Менің арманым келешекте Геннадий Головкин сияқты Қазақстанның атын әлемге паш ету. Ол үшін көп жаттығу керек екенін білемін. Мақсатыма жету үшін тынымсыз еңбектенуге дайынмын.