432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында аудандық ауруханаларға жедел жәрдем көлігі берілді

  • 402
  • UPD: 21:45, 06.05.2020
Қарағанды облысында аудандық ауруханаларға жедел жәрдем көлігі берілді

Қарағанды облысының Ақтоғай, Шет, Абай және Жаңарқа аудандарындағы орталық ауруханаға 9 бірдей жедел жәрдем көлігі берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іші қажетті қондырғылармен жабдықталған. Жол үстінде келе жатып-ақ науқастарға алғашқы көмекті көрсетуге болады. Бұл жедел жәрдем қызметін бұрынғыдан да жылдам, әрі сапалы етуге септігін тигізеді,  дейді дәрігерлер. Жалпы, биыл 21 көлік алу үшін жергілікті бюджеттен 126 миллион теңге қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін өзге де аудандарға медицина көлігі жеткізілмек.

Алпыс Аманжолов, Шет аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

– Бұл автокөліктер біздің қазіргі автопаркті бір жаңартып, сонымен қоса, алыс жатқан жерлердегі ауыл халқына үлкен көмек, олардың денсаулығын түзетуге өзінің септігін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы