423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда іргесіндегі саяжай тұрғындары электр қуатына қол жеткізе алмай отыр

  • 328
  • UPD: 08:34, 07.05.2020

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі саяжай массивінің тұрғындары электр қуатына қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлдеқашан жүргізілген желіні пайдалануға рұқсат берілмеген. Тұрғындар аудан әкімдігіне бірнеше рет өтініш айтқан. Алайда жиі ауысатын басшылық бір-біріне сілтеп, мәселені шешпей отыр.

Бұл саяжай ауданына жасыл технология жетіпті. Үйлердің сыртына қарап байқамайсыз. Дегенмен ішіне кірсеңіз, тұрмыстық техниканың қайдан қуат алатынын көресіз.

Нона Шарафеева, қала тұрғыны:

- Міне, біздің үйдің техникасы күн батареясынан қуат алады. Мына қолшам да солай. Үйге осылай жарық беріп отырмыз. Қысты күні мына шамды қосамыз.

Жасыл технология өз алдына, қажет кезде ескі генераторды қосады. Қыста 5 сағатқа дейін қосулы тұрады. Себебі күн батареясының қуаты жетпейді. Үй иесінің айтуынша, генераторға жанар-жағармай алуға ай сайын 30 мың теңге жұмсайды. «Қоянды» сайжай аумағында тұратындардың көбі осылай ілекерлеп отыр.  Күн шыққан күні қуанады. Болмаса қаладан жанар-жағармай тасиды.

Татьяна Андреева, қала тұрғыны:

- Әкімдер бірнеше рет ауысты. Алайда бұл проблема сол күйі қалды. Жаңадан келген басшының бәрі уәде береді. Күтумен келеміз. Әкім ауысса, бұл мәселені тағы көтереміз.

Бірнеше жыл бұрын бұл ауданға электр желісін жүргізіп, трансформатор орнатқан. Тіпті көше шамдарын тізіп қойған. Алайда үйлерге жарық кірмеген. Қазір қала маңындағы блок-бекет осы желінің электрэнергиясын пайдаланып отыр. Яғни желі қолданысқа дайын деген сөз. Байқоңыр аудандық әкімдігінен себебін білмек болып, бірнеше рет хабарластық. Аудан билігі облысқа, облыстағылар қалаға сілтеп, ақыры нақты жауабын бермеді. Осы мәселеге жауаптылар кейін телефон тұтқасын көтеуді де қойды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Ержан Рахымбердиев

Хабар 24 телеарнасы