422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері марапатталды

  • 467
  • UPD: 14:30, 07.05.2020

Сыр өңірінде күн сайын мыңға жуық әскери қызметкер қауіпті вируспен күреске үлес қосуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер, медицина мамандары, әскери бөлім сарбаздары облыс аумағындағы 38 бекетте карантиндік тәртіпті қадағалап тұр.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Біз қазір Қызылорда қаласынан шыға берістеріне қойылған 4 бақылау бекетінің бірінде тұрмыз. Мұнда тәулік бойы 2 ауысыммен 38 маман қызмет атқаруда. Олар күн сайын 700 автокөлік пен жолаушыларды тексереді.

Жалпы облыс аумағында Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі секілді 3 әскери бөлім орналасқан. Әскерилердің дені дезинфекциялық жұмыстарға тартылып отыр. Сондай-ақ әскери полиция да қызметтік борышын абыроймен атқаруда. Отан қорғаушы күніне орай олардың бірқатары марапатталды. Мінсіз қызмет атқарғандарға кезектен тыс атақ беріліп, ішкі істер министрлігінің медальдары, төсбелгілері мен грамоталары табыс етілді.

Бектөре Сұлтан, облыстық полиция департаментінің бастығы:

– Мемлекет басшысы, Ішкі істер министрі осы жауапты кезеңде қызметкерлерді материалдық және моральдық қолдауға баса назар аударуда. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – алдыңғы шепте жүрген қызметкерлерімізді қолдау. Ішкі істер министрінің бұйрығымен қол қойылған шендер мен медальдарды қызметкерлерге табыстау үшін санитарлық бекетке келдім. Қызметтік адалдықтары үшін жеке құрамға алғыс білдіріп, шаңырақтарына қуаныш, береке, еңбектерiне табыс тiлеймiн.

Қызметтік және азаматтық борышын адал орындағаны үшін барлығы 36 полиция қызметкері мен 18 ведомство ардагеріне құрмет көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы