432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық құтқарушылар қызметте қаза тапқан әріптестерінің отбасыларын мерекемен құттықтады

  • 357
  • UPD: 15:13, 07.05.2020
Алматылық құтқарушылар қызметте қаза тапқан әріптестерінің отбасыларын мерекемен құттықтады

Алматы облысында құтқарушылар кезекшілік қызметте қаза тапқан әріптестерінің отбасыларын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға тамақ себеттері мен сыйлықтар тарту етілді. Соңғы 15 жыл ішінде аймақта үш құтқарушы қайтыс болған. Өрт сөндіру қызметінің старшинасы Айсажан Қожамбердиев жоғары вольтты желіні ажырату кезінде қайтыс болды. Ал сержант Александр Клеменчук дала өрті кезінде қызыл жалын арасында қалып қойған. Тағы бір өрт сөндіруші Ғалым Стамбеков жаттығу кезінде көз жұмды.

Нұргелді Қойшыбаев, облыстық ТЖД ардагерлер кенесінің төрағасы:

– Құтқарушы мамандығы өте қауіпті және қатерлі. Бұл жерде тек қана батыл азаматтар ғана жұмыс істейді. Көмектесу, қол ұшың беру – біздің борышымыз. Және де ол кісілердің жаңұяларына республикалық жеке қор ашылған. Жеке қордан жыл сайын бұл жанұялар,а көмек, жағдайлар жасалып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы