418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ардагерлер туралы» заң еліне қалтқысыз қызмет еткен жауынгерлерге дем береді – Б.Смағұл

  • 305
  • UPD: 15:14, 07.05.2020
«Ардагерлер туралы» заң еліне қалтқысыз қызмет еткен жауынгерлерге дем береді – Б.Смағұл

«Ардагерлер туралы» заң еліне қалтқысыз қызмет еткен жауынгерлерге дем береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл осылай дейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана осы заңға қол қойған еді. Енді ауған соғысы ардагерлері, бітімгерлік миссия орындауға жіберілген жауынгерлер, тыл еңбекккерлері де материалдық тұрғыдан тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әлбетте, бұл жерде ауған соғысының ардагерлерінің өзіндік ұсынған бұрыннан бергі келіп түскен барлық өтініші қамтылмағаны белгілі. Бірақ Қазақстан Қарулы күштері, халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлығы да санаттарды сол мәртебеге лайықты деп мәлім етті. Сондықтан біз оны қолдауға тиістіміз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы