418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының сайтында батыр бабаңыз туралы естелікпен бөлісуге мүмкіндік бар

  • 423
  • UPD: 15:34, 07.05.2020
«Хабар» арнасының сайтында батыр бабаңыз туралы естелікпен бөлісуге мүмкіндік бар

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл! Осы күнді жақындатқан ержүрек батырларымыз, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері мәңгілікке жадымызда сақтаулы.

Бүгінде қайсар қарияларымыздың қатары сирегенімен, олардың ұрпақтары ортамызда. Ендеше мерейлі мерекеде бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігін еске түсіріп, құрмет көрсетейік. Батыр бабаңыздың өткен күндерден сыр шертетін естеліктерімен бөлісіп, арна сайтына және эфирге шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін өз парақшаңызға майданнан келген хат не сурет (оқиға) салыңыз және #АрдагерЕрлігі хештегін жазып, бізді белгілеңіз немесе ресми сайттағы арнайы форманы толтырып, бізге хат жіберіңіз.

«Хабармен» бірге құнды мәліметтердің жоғалмауына өз септігіңізді тигізіңіз!

Форманың үлгісіне осы сілтеме арқылы өтіңіз

Хабар 24 телеарнасы